Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

Миссия, мақсаты, пайымдауы

Миссия, мақсаты, пайымдауы

Қазіргі уақытта ҚРЖМК-бұл тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан, жауапкершілік сезімі дамыған, қазіргі заманғы өзгерістерге тез және икемді жауап беруге қабілетті, барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа дайын, қызметі орта деңгейдегі бәсекеге қабілетті медицина қызметкерлерін даярлауға бағытталған оқу орны. Бұған дәлел – студенттер контингентінің өсуі, сапалы педагогикалық құрам, материалдық жағдайды нығайтуға бөлінетін қаражаттың жыл сайын едәуір ұлғаюы сияқты көрсеткіштер, техникалық база, түлектердің қажеттілігі, қосымша білім беру мүмкіндіктері арқылы халықты оқыту үшін жаңа құрылымдық бөлімшелер құру, халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейту, сондай-ақ қоғамдық қорлар мен әлеуметтік бағыттағы ұйымдар тарапынан ынтымақтастыққа қызығушылық, әлеуетті тұтынушылардың көз алдында ҚРЖМК беделін арттыру.

 

Миссия – Қазақстан Республикасының халқына медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін дамытушы, практикаға бағытталған, инновациялық ортаны қалыптастыру.

 

Стратегиялық мақсат: кәсіби құзыреттілікке және жоғары адамгершілік құндылықтарға ие мамандарды сапалы даярлау арқылы Колледждің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

 

Пайымдау:

1) Қазақстан – Ресей жоғары медициналық колледжі – мемлекеттік емес медициналық колледждер арасында көшбасшы.

2) Әлеуметтік-жауапты медициналық колледж, республикамыздың серіктес колледждерімен және шетелдермен нәтижелі ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

3) Өз студенттерінде жоғары мәдениетті және жалпы әлемдік құндылықтарға бейілділікті қалыптастыратын, тарихы мен дәстүрлері бар медициналық колледж.