Құжаттар тізімі
Қазақстан-Ресей жоғары медициналық колледжіне ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ:
- Оқуға қабылдау туралы өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады)
- Жеке куәлік (2 көшірмесі, бар болған жағдайда)
- Туу туралы куәлік және ЖСН (жеке куәлік алынбаған жағдайда)
- Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі (2 дана)
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (және 1 көшірмесі)
- ҰБТ немесе КТ сертификаты (11 сыныптан кейін келген абитуриенттерде бар болған жағдайда)
- 3х4 см. көлемді 6 фотосурет
- № 075-У үлгідегі медициналық анықтама флюоросурет қосымшасымен
- № 063 екпе анықтамасы (2 дана)
- Тіркелу туралы куәлік (ер балалар үшін)
Қолданбалы бакалавриатқа оқуға түсу үшін (медициналық колледж (училище) дипломымен)
- құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (қосымшасы бар диплом);
- 3х4 см көлемінде фотосуреттер 6 дана;
- № 075-У үлгідегі медициналық анықтама флюоросурет қосымшасымен;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- кадр қызметі растаған еңбек кітапшасы (еңбек өтілі 3 жылдан кем емес)
- мейіргер ісі маманының сертификаты.