Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

Колледж тарихы

“Қазақстан-Ресей медициналық колледжі” мемлекеттік емес білім беру мекемесі 2005 жылы Қазақстан медициналық институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды. 2016 жылы “Қазақстан-Ресей медициналық колледжі” МЕББМ жеке заңды тұлға болып қайта құрылды. 2020 жылы «Жоғары медициналық колледж» мәртебесін алды.

Колледж қызметі құрылтайлық құжаттарына сәйкес реттеледі:

  1. 2016 жылғы 25 наурызда ҚР Әділет Министрлігінде №1118 болып бекітілген “Қазақстан-Ресей медициналық колледжі” МЕББМ Жарғысы.
  2. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің 14.08.2020 жылы берген № KZ82LAA00018610 Мемлекеттік лицензиясы;
  3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 07.11.2013 жылғы БСН 131140005924 куәлігі, қайта тіркеуі 29.03.2016 жылы жүргізілген.

Колледждің Алматы қаласы Қарасай батыр көшесі, 75 үйде орналасқан жалпы ауданы 1538,6 шаршы метр болатын және Мауленов көшесі, 92 үйде жалға алынған оқу алаңы 1894 шаршы метр болатын оқу ғимараттары бар.

“Қазақстан-Ресей жоғары медициналық колледжі” МЕББМ орта буын медицина мамандарын даярлау бойынша республикада жекеменшік колледждерінің алдыңғы легінде жетекші орын алады.

Оқу орны “Қазақстан Республикасы медициналық колледждерінің одағы” ЗТБ, Алматы қаласы колледждер қауымдастығының және “Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы”ЗТБ мүшесі болып табылады.

2017 жылы колледж Институционалдық (02.05.2017ж. алынған №AА025 куәлік) және келесі мамандықтар бойынша арнайыланған аккредитацияны табысты өтті: 0301000 «Емдеу ісі» 0301013 «Фельдшер» біліктілігі (02.05.2017ж. № AB1235 куәлік); 0302000 «Мейіргер ісі» 0302033 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі (02.05.2017ж. № AB1236 куәлік); 0306000 «Фармация» 0306013 «Фармацевт» біліктілігі (02.05.2017ж. № AB1237 куәлік), 2020 жылы 0304000 «Стоматология» 0304013 «Дантист» біліктілігі (31.10.2020 ж. №SA00014 куәлік), 0307000 «Стоматология ортопедическая» 0307013 «Тіс технигі» біліктілігі (31.10.2020 ж. №SA00015 куәлік) бойынша  арнайыланған аккредитациядан өтті.