Фармация
Бөлім меңгерушісі: Курмангалиева Гульден Базарбаевна, білімі жоғары медициналық, Қарағанды экономикалық университетін, Қазақ ұлттық медицина университетінің магистратурасын фармацевтикалық өндіріс технологиялары мамандығы бойынша бітірген. Практикалық еңбек өтілі-20 жыл. Педагогикалық өтілі 7 жыл.
Мамандығы |
Біліктілігі |
Оқыту мерзімі |
Оқыту тілі |
9 сыныптан кейін |
11 сыныптан кейін |
Фармация |
Фармацевт |
–
|
2 жыл 10 ай
|
Мемлекеттік тіл, орыс тілі |
Фармацевттің лауазымдық міндеттері:
- Дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дәрігерлердің рецептілері бойынша өткізуді және рецептісіз босатуды жүзеге асырады.
- Халыққа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды үй жағдайында қолдану, пайдалану, сақтау ережелерін түсіндіреді.
- Дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақталуын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
- Келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сұрыптайды және олардың физикалық-химиялық қасиеттерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ерекше топтарының сақтау шарттары мен режиміне қойылатын талаптарды ескере отырып, сақтау орындарын анықтайды.
- Жарамдылық мерзімі өткен және көзбен шолу кезінде күмән тудыратын немесе жалған және контрафактілік өнімдерді сақтауға байланысты жарамсыз болған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алып қоюды жүзеге асырады.
- Технологиялық процестің барлық сатыларында сапаны бақылау жүргізуді ескере отырып, дәріхана технологиясында айқындалған дәрілік заттарды, дәрілік нысандарды дайындайды.
- Экстемпоралды дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын технологиялық процестерді орындайды. Дәрігердің рецептілері және медициналық ұйымның талаптары бойынша экстемпоралды дәрілік түрлерді дайындау бойынша жұмыс орнын ұйымдастырады.
- Заттың физико-химиялық, фармакологиялық қасиеттеріне негізделген рецепт жазбасына баға береді, сонымен қатар өндіріс процесін таңдайды. Қажетті көлемде субстанциялардың, аспаптардың, құрал-саймандардың, жабдықтардың, қосалқы материалдар мен қаптамалардың болуын қамтамасыз етеді.
- Этикалық мінез-құлық пен деонтология нормаларын сақтай отырып, халықпен қарым-қатынасты жүзеге асырады.
- Алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік нормаларын орындайды.
- Кәсіби қызмет саласында IT-технологиялар негізінде ақпаратты пайдаланады.
- Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы” кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының қағидалары мен нормаларын., өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі.