Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

14 қараша Қазақстан-Ресей медицина колледжінде латын әліпбиі бойынша жалпыхалықтық диктант өтті.

Латын әліпбиіне көшу қарсаңында Алматы қаласының барлық колледж студенттері жалпыхалықтық диктант жазды. Диктантқа тек қазақ тілінде оқитын студенттер қатысты. Бұл шарадан біздің колледж де шет қалған жоқ.

Оқу ордамыздың қазақ бөлімінде оқитын студенттері диктант жазуға қатысты. Диктант жазу барысы ойдағыдай өтті. Бір қызығы, диктант аудио түрінде өтіп, студенттерге ыңғайлы да түсінікті болды. Ең алдымен, барлығы аудионы жақсылап түсініп тыңдап алды. Келесі кезекте аудио бойынша диктантты жазуға кірісті. Студенттердің барлығы жазып болғаннан кейін жұмыстарды оқытушылар тексеруге кірісті. Диктант барысында келеңсіздіктер орын алмай студенттер бар ынталарымен жазып шықты.

Осындай шаралардың арқасында біз Елбасымыздың үндеуіне бір табан жақындап, жаһандану үрдісінен шет қалмаймыз.Елбасымыздың бастамасы тезірек іске асып, рухани жаңғыруымызға өз септігін тигізіп, соның арқасында болашағымыздың жарқын болатынына сенімдіміз.

[su_custom_gallery source=”media: 1071,1072,1073,1074″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”300″ height=”300″ title=”never”]