Қазақстан-Ресей медициналық колледжі құрылған жылдан бастап көптеген жетістіктерге жетті, білікті мамандар даярлап шығарды, инновациялық құрылғылармен жабдықталған арнайы кабинеттер ашылды.
Дегенмен осы кунге дейін жеткен жетістіктерге қарамастан, колледждің ұйымдастырушы бөлімі білім ордамызды ішкі жағынан ғана дамытап қоймай, сыртқы байланысты дамытып, тәжірибе жинақтау үшін еліміздегі басқа да медициналық білім ордаларымен байланыс орнатып, көптеген семинар мен конференциялар өткізіп, өздері де қатысып отырады.
Жақында колледжіміз Барнауыл базалық медицина колледжінің ұйымдастыруымен өткен Барнауыл ғылыми-тәжірибелік конференциясының сыйлы қонағы болып қайтты. Алыс болғанына қарамастан, қолледжімізді таныстырып, «Ерікті қызметкердің медицинадағы рөлі» атты баяндамызды қорғауға директордың орынбасары – Абдиева Ляззат Рахимбердиевна мен Студенттік Кеңес Президенті –Анастасия Левашова аттанған болатын.
Конференцияда бізді жақсы қарсы алып, директоры білім ордалары арасында халықаралық қатынастың одан ары нығайатындығын атап өтті. Соңында барлық қонақтарды тосынсый күтіп тұрды: қызықты концерттік бағдарлама, естелік сувенирлер мен сертификаттар.
[su_custom_gallery source=”media: 1058,1059″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”300″ height=”300″ title=”never”]