Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

Үлкендерді құрметтеу-бұл жас жігіттің мінезінің ең асыл көріністерінің бірі.

“1 – қазан Халықаралық қарттар күні” мерексіне орай біздің колледждің студенттері мен еріктілер ұйымы  Анар Нариманқызының жетекшілігімен көңілдері жарым қариялардың мекеніне жай барып “Қарттарым, аман-саумысың?!” атты шағын концерттік бағдарлама қойып кішкене сый-сияпаттарын көрсетіп қайтты. Тағдыры қиын қарияларымыздың көңілін көтеруге студенттеріміздің барлығы өз үлесін қосуға тырысты. Ән айтып, би билеп, қараияларымызға түрлі ойындар ойнатып, өз өнерлерімен тәнті етті. Өткізген шарамызға қарттарымыз ризашылығын білдіріп, алғысын айтып батасын берді.