2024 жылдың 10 қыркүйек күні ҚРЖМК студенттері мен Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі І4 – кітапхана бөлімшесінің қызметкерлерімен бірігіп дайындаған Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты тарихи танымдық кеш өтті. Кеште арнайы дайындалған «Сұлтанбек Қожанов алты Алаштың ардақты қайраткері» атты презентация көрсетіліп, кітап көрмесі қойылды. Колледжіміздің дарынды өнерпаздары ән-күйлерін шырқап, белсенділіктерін көрсетті.