2024 жылғы 27 қыркүйекте ҚРЖМК-да жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу шеңберінде 1 курс білім алушыларының Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының аға оқытушысы, дінтанушы Дидар Жетпісұлы Мамырбаевпен кездесуі ұйымдастырылды.
Іс – шараның негізгі мақсаты-қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту, сондай-ақ жастарды теріс діни идеологиядан қорғау. Кездесу барысында студенттерге Діни экстремизмнің қауіптілігі, оның қоғамға әсері және діни сауаттылықтың маңыздылығы түсіндірілді. Дәріскер діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі әдістері мен қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау жолдары туралы айтып берді.