«КРВМК» ҮЕҰ-да Халықаралық мейірбике күніне орай дәстүрлі студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция – «Студенттік форум 2025» өтті.
Конференцияның мақсаты – студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, зерттеу жұмысына қызығушылығын қалыптастыру. Конференцияға 1–3 курс аралығындағы білім алушылар қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ғылыми жетекшілер Алғыс хатпен, қатысушыларға Конференция қатысушысының Сертификаты табысталды.
І дәрежелі диплом – Лаубаева Дарья, СД 1 курс, ғылыми жетекшісі – Орынбаева Ш.Т.
ІІ дәрежелі диплом – Сабыралы Диана, «Мейіргер ісі» мамандығы, ғылыми жетекшісі – Мамбетова Г.А.
ІІІ дәрежелі диплом – Карипжан Амиржан, «Емдеу ісі» мамандығы, ғылыми жетекшісі – Мунасыпов Р.Ш.
ІІІ дәрежелі диплом – Резниченко Ангелина, «Қолданбалы бакалавриат» мамандығы, ғылыми жетекшісі – Мунасыпова Д.Р.
Сонымен қатар, үздік баяндамалар 6 номинация бойынша атап өтіліп, барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– Конференция материалдарының электрондық жинағы жасақталды.