Тіл – ұлттың тірегі! 🇰🇿
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай, 7 қыркүйек күні колледжімізде ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің маңызын дәріптеу, тіл мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Ашық сабақтар барысында студенттер қазақ тілінің қоғамдағы рөлі, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен тілдің ұлт бірлігін нығайтудағы маңызы туралы білімдерін толықтырды. Сабақтар танымдық әрі патриоттық бағытта өтіп, білім алушылар белсенділік танытты.
Ашық сабақтарды өткізген оқытушылар:
* Қазақ тілі пәнінің оқытушысы – Дегембаева С.М.
* Орыс тілі пәнінің оқытушысы – Мамбетова Г.А.
Тіл – халықтың жаны, ұлттың рухы, елдігіміздің белгісі. Ана тілімізді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы!
