Get a consultation
+7 (727) 272 4615
WRITE YOUR OFFERS
info@krvmc.kz

Қан майданның қаһармандарына мың тағзым!

[su_pullquote][su_custom_gallery source=”media: 1008″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”300″ height=”300″ title=”never”][/su_pullquote]

Қан майданның қаһармандарына мың тағзым!

Биыл 2020 жыл араға бірер күн салып жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғысты Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтпек.

Жеңіс. Жеңіс күні. Ерліктің отын маздатқан осынау күні тағы бір сұрапыл сұм жылдарды еске аламыз. Бұл батысқа қарап телмірген аяулы жар, үмітін үкілеген ана мен көкесін асыға күткен сәбидің арманы алып келген Жеңіс. Бір жарым миллион ұлын аттандырып, барын, малын бергізген. Қуаныш пен қайғыдан қатар жылаған жандардың жеңісі. Қазақстан бұл соғысқа 12 атқыш 4 кавалериялық девизия 7 атқыш бригада 50 ге жуық жеке полк пен ботолен құрды. Жауға атқан он оқтың тоғызы Қазақстандық қорғасыннан құйылған. 500 ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алған.

Қаншама қара шаңыраққа қаралы хабар алып келіп, қаншама қазақ отбасының үмітін үзген Жеңіс. Өрімдей жасқа қару кезендіріп, кеудесін орденмен безендірген Жеңіс. Ертеңге елеңдетіп, еркіндікке қол жеткізіп, келешектің кемеліне сенім арттырған Жеңіс.

Ардагелердің жеңісі. Ата-апаларымыздың жеңісі. Сұрапылдарды сабырмен, үмітпен жеңе білгендердің жеңісі. Біздің Жеңіс. Тарихта ел тағдырында өшпес із қалдырған Жеңіс. Өткен азапты жолдың ауыр салмақты жолдарын ешкім ұмытпақ емес. Оның ауыр жолы санамызға ұялады. Ажалға қарсы тұрып 45-тің көктеміне аман жеткендердің қатары күн санап кеміп келеді. Ерлікті еркін ұрпаққа насихаттаған ардықты ақсақалдарымыздың саны саусақпен санарлық қана қалды. Жылдар бойы біз жылына бір рет емес, күн сайын, сағат сайын құрметке бөлеуіміз парыз. Білуіміз парыз. Бірге болуымыз парыз.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні- соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне, және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ер қолында» -деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар.

Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан апаларымызды да мақтан тұтамыз.

Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды.

Жалпы тарих үшін бұл аз ғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» — деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгін мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.

Келер ұрақ, яғни біздер мен біздің бауыр-қарындастарымыз Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін сезсек те, кейде соған сай қылық танытпай, жүрегімізді ауыртар сәтке де куәгер болып жатамыз. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», -деген еді.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі анасы сағынған бала, нәзігі күткен жар, баласы тосқан әке, бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында келген қуаныш, тәуелсіздік екенін, жас ұрпақ бойына сіңіру де, оның жүрегіне бабаларымыздың қайратын сездіру де ата-ана мен ұстаздардың еншісінде деп ойлаймын.

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Ел басына күн туып, ер етікпен су кешкен заманда елінің амандығы мен жерінің бүтіндігін қызғыштай қорыған. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қоя білген, ел тұғырын берік ету жолында ерлікпен қаза тапқан һас батыр бабаларымыздың қаһармандықтарына мың тағызым.