Get a consultation
+7 (727) 272 4615
WRITE YOUR OFFERS
info@krvmc.kz

“Арнайы пәндер-1” ЦӘК әдістемелік онкүндігі

Колледжде 18.10.2022 жыл – 28.10.22 жыл аралығында “Арнайы пәндер-1″ ЦӘК-ң әдістемелік онкүндігі өткізіледі.
Онкүндікте келесі іс-шаралар жоспарланған:
1. Бақылау сабағы: ” Егде жастағы және қартайған кезде ағзаның ас қорыту жүйесі мүшелері қызметінің бұзылыстарындағы мейірбикелік үрдіс”, арнайы пәндер оқытушысы Рахмидинова Р. Р.
2. Шеберлік сағаты: “Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денсаулық мектебі. Мейіргер ісінде пациентті оқыту және үйрету”, арнайы пәндер оқытушысы Даурбаева К. О.
3. Сыныптан тыс іс-шара: 1 курс студенттерімен “Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу” тақырыбында әңгіме өткізу, арнайы пәндер оқытушысы Умарова Е. А. .
4. “Денсаулық күні” салауатты өмір салтын насихаттау, Арнайы пәндер оқытушысы Еңсепова Ш. С.
5. “Қазақстандағы мейірбике ісін дамыту перспективалары” тақырыбындағы дөңгелек үстел, арнайы пәндер оқытушылары Юсупова Ф. А. және Дабыл А. А.
6. Ашық сабақ: “Гастриттер. Асқазан, он екі елі ішек аурулары. Холецистит”, арнайы пәндер оқытушысы Қазанғапова Г.О.
7. Бақылау сабағы: “Қан түзу жүйесінің аурулары. Темір тапшылықты анемия”, арнайы пәндер оқытушысы Ашимова Т. А.