Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

Қазақстан-Ресей медициналық колледж студенттері колледждің беделді ұстазы Ермекқалиев Айбармен бірге «Қазақстан» телеарнасындағы «QAREKET» бағдарламасына барып қайтты

Біздің колледждің алтындай студенттері оқу ордасында ғана білім нәрімен сусындап қоймайды, сонымен қатар көптеген тренингтер, бағдарламаларға, семинар мен конференцияларға қатысу арқылы білімдерін шыңдап жаңа нәрсені білуге ұмтылады. Ал ұстаздар қауымы олардың жаңа бастамаларын қолдап, тереңірек білім алуларына барлық жағдайды жасап отырады. Оның бір дәлелі ретінде «Қазақстан» телеарнасындағы «QAREKET» бағдарламасының медицинаға және заңға қатысты кезекті сандарынаколледжіміздіңбеделді ұстазы Ермекқалиев Айбар өзі құқық негіздерінен сабақ беретін 201, 202 және 100 топ студенттерін ертіп апарғанын айтсақ болады. Бағдарлама тақырыбы ағайдың сабақ беретін пәніне және медицинаға қатысты болғандықтан студенттер белсене араласып, көп жаңа мәлімет біліп қайтты. Ағайдық өзінің айтуы бойынша ол студенттердің танымын кеңейтіп жаңа ақпаратқа жол ашты. Оның берген сұхбатына назар аударсақ:

«Бұл негізі қоғамдық жұмыс болды. 3 топ студенттері бірігіп бардық. Қарап отырсақ осы күнге дейін «QAREKET» бағдарламасының 3 санына барыппыз. Осы жолы барған «Құжаты жоқ қария» деген тақырыптағы санында 70 жаста болсада әлі күнге дейін құжаттары жоқ Еркебұлан атты қарияның өмірі туралы айтылды. Құжаттарының болмағандығынан қазіргі таңда қария зейнетақы алмайды, ауырып қалса емханаға қарала алмайды. Өйткені қазір қай жерге барсаң да міндетті түрде құжат керек болады. Осы мәселені «Қаракет» бағдарламасы көтеріп, қарияға көмек көрсетуді қолға алды. Сол себепті де біздің колледж студенттерін шақырған болатын. Себебі қарияға медицина саласынан да және құжаттарын жасату үшін заң саласынан да көмек қажет болды. Мен өзім сол топтарға «құқық негіздері» деген пәннен сабақ беремін және осы тақырыппен сабақтың байланысы болды. Себебі заң болған соң қалай құжат алу керек, қандай органдарға жүгіну керектігі айтылады. Негізі қарияның тұратын жері Кегенне ауыл әкімі шақыртылып, ол студияда қарияға барлық жағынан көмек береміз деп уәде берді. Жақын арада құжаттарын жасап береміз және қария сол арқылы зейнетақы алып дәрігерлерге қарала алатынын жеткізді. Ал екінші тақырып «Назымның уайымы» деп аталды. Ол тікелей медицина саласына қатысты болды. Назым деген әйелдің отбасы, бала-шағасы бар. Бірақ ол арбаға танылған мүгедек. Қазіпгі таңда көптеген емханаларда емделіп жатқанымен ешқандай ем көмектеспей жатыр. Осыған орай бағдарламаға білікті мамандар мен үздік дәрігерлер шақырылған болатын. Осы тақырыптағы санына біздің колледж студенттерін шақыруының себебі сол болатын. Олар болашақ медицина қызметкерлері болғандықтан жаңа мәліметтермен таныссын, мамандар мен дәрігерлерден кеңестер алсын, тәжірибе жинасын деген мақсатпен шақырған болатын. Шақырылған дәрігерлер мен мамандар Назымға қолдан келгенше көмектесеміз, аянып қалмаймыз деп уәде берді. Сол тұста Құрманбет деген дәрігер Назымға көмек көрсете алатынын, оны емдеп жаза алатындығын айтты. 100% болмасада 90% емдей алатындығын жеткізді. Ол үшін ол менің арнайы курстарымды алуы керек деп айтты. Бірақ бұл кісі дәстүрлі медицина емес, керісінше дәстүрлі емес медицинамен жұмыс жасайды екен. Мысалы ота барысында қасында дәрігерлер болады, бірақ өзінің қолында биотогы болады және өзінің қолы арқылы емдейді екен. Сөйтіп бағдарламаның түпкі мәселесі шешіліп, Назымды сол кісі емдеп жазатын болып келісті. Сосын Назым жазылған кезде қайтадан студияға шақырылып, нәтижесімен халықты таныстыратын болады. Мүмкін сол кезде де бізді көрермен ретінде бағдарламаға шақыруы мүмкін. Студенттеріміз осы мәселенің куәгері болғандықтан қайтадан бізді шақыратын болуы керек. Жалпы өзекті тақырыптардағы бағдарлама саны студенттерімізге өте ұнады. Олар жаңа мәлімет алып, көптеген жаңа заттарды білді, тәжірибе жинақтады десек те болады. Мамандар мен білікті дәрігерлерден сабақ алды десек артық айтқанымыз болмайды. Олардың қызыққаны сонша бағдарлама соңында мамандарға сұрақтар қойып өздерін толғандырған сауалдарына толыққанды жауаптар алды. Бағдарлама тақырыбы олардың сабақтарымен байланысты болғандықтан ықыласпен тыңдады. Осыған байланысты студенттер бос уақыттарын босқа өткізгенше осындай танымдық бағдарламаларға қатысып тұратын болса үлкен тәжірибе жинап, болашақта нағыз білікті маман болып шығатындары анық. Сол себепті алдағы уақыттарда тек осымен шектелмей, медицинаға қатысты тақырыптарына барып, қатысып тұрамыз деп айта аламын. Өйткені сондай тақырыптар болған сандарына біздің колледж студенттерін шақырып тұру туралы келісімдер болды».

Міне, осындай бағдарламаларға, басқа да танымдық семинарлар мен конференцияларға қатысу арқылы студенттеріміз білімдерін арттырып, танымдарын кеңейтіп отырады. Қамқор ұстаздарымыз да әрқашан оларды қолдап, демеп отырады. Бағдарламаларға ертіп бару арқылы оларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Соның арқасында студенттердің білімдері артып, колледждің одан әрі дамуына мүмкіндік жасап беделін арттырып отырады.

[su_custom_gallery source=”media: 1052,1053,1054,1055″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”300″ height=”300″ title=”never”]