Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

Колледж оқытушысы Қазақстан Республикасының құрметті азаматы атанды

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты республикалық байқауында СД 2 Циклдік әдістемелік комиссияның мұғалімі Ахметов Досымжан Махмутұлы жеңімпаз атанды.

Бұл марапаттың мақсаты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлікпен, бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету еді.

Байқау қорытындысы бойынша Ахметов Досымжан Махмутұлы жеңімпаз атанып: «Қазақстан республикасы құрметті азаматтарының» энциклопедиясына, «Қазақстан республикасының құрметті азаматы» атты төс белгісіне, төс белгі куәлігіне және I дәрежелі дипломына ие болды.

Байқаудың марапаттау рәсімі: 25.11.2021ж. Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде өтті.

[su_custom_gallery source=”media: 5451,5452,5453,5454,5455,5456,5457,5458,5459,5460,5461″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”360″ height=”470″ title=”never” class=”fotobox”]