ЕМДЕУ ІСІ
Бөлім меңгерушісі: Сакыпбекова Айгүл Аманжолқызы, білімі жоғары медициналық, С. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген, дәрігер – невропатолог. Практикалық еңбек өтілі-23 жыл. Педагогикалық өтілі-4 жыл.
Мамандығы |
Біліктілігі |
Оқыту мерзімі |
Оқыту тілі |
9 сыныптан кейін |
11 сыныптан кейін |
Емдеу ісі |
Фельдшер |
3 жыл 10 ай
|
2 жыл 10 ай
|
Мемлекеттік тіл, орыс тілі |
Фельдшердің лауазымдық міндеттері:
- Жіті аурулар мен жазатайым оқиғалар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
- Учаске тұрғындарының жеке есебін жүргізеді, учаскедегі өз қызметін жоспарлайды. Науқастарды маман дәрігерлердің тексеруіне және кеңес беруіне дайындайды.
- Амбулаториялық қабылдау жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді.
- Ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын-алу жұмыстарын жүргізеді.
- Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге көмектеседі, физиологиялық босануды қабылдайды.
- Ағымдағы санитарлық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.
- Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
- Геморрагиялық синдромды зерттеу әдістерін, бактериологиялық және серологиялық зерттеулер техникасын пайдалана отырып, қанның биологиялық материалын, асқазан сөлін, жұлын-ми сұйықтығын, басқа да сұйықтықтарды макро – және микроскопиялық химиялық зерттеуді, гельминттік-овоскопиялық зерттеуді жүргізеді.
- Зертханалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.
- Есепке алу-есеп беру медициналық құжаттарын жүргізеді.
- Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, өңделген материалдарды дезинфекциялау ережесін; еңбекке жарамсыздық сараптамасының негіздерін, санитариялық-эпидемияға қарсы режим негіздерін, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі заңнамасы, ережелері мен нормалары.