Консультация алыңыз
+7 (727) 272 4615
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАЗУ
info@krvmc.kz

Студенттермен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан-Ресей жоғары медициналық колледжінде “Құқық бұзушылықтың алдын алу”, “Бопсалау және зорлық-зомбылық көрсету”, “Буллинг және кибербуллинг”тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Алматы қаласы Алмалы ауданы  Полиция басқармасының жасөспірімдермен жұмыс істеу бөлімінің  аға лейтенанты Қ.Қ. Аяғанов және учаскелік инспекторы А. Б. Тұратай өткізді.

Кездесудің мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында білім алушыларға құқықтық тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингке қарсы күрес шаралары туралы маңызды ақпарат берілді. Мамандар құқықтық мәселелер бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті және заң бұзушылыққа байланысты түрлі жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін түсіндірді.