Қазақстан-Ресеймедициналы қколледжінің педагогикалық ұжымы студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруға зор мән береді. Осы мақсатта колледж әкімшілігі түрлі викториналар мен сайыстарды жиі өткізеді. Соған байланысты жақында ғана формация және емдеу ісі мамандықтарының 1 курс студенттері арасында «Химия ұланы» атты сайыс кеші өтті.
Барлық студенттер белсенділік танытып, сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайысқа 4 қазақ тобы қатысып, бақтарын сынады. Жалпысайыс 5 тур бойынша өткізілді. 1 турда қатысушыларға әр түрлі элементтердің химиялық қасиеттері туралы сұрақтар қойылды. 2 тур «Қызықты жұмбақ» деп аталды. Онда қатысушыларға логикалық сұрақтар берілді. 3 тур «Жұмбақаралы» деп аталды. Онда қатысушылар жұмбақ ретінде жасырылған химиялық элементтерді табуға тиісті болды. 4 тур «Химиялық портрет» деп аталды. Бұл турда олар белгілі заңдарды қайғалым ашқанын тауып анықтады. Ең соңғы 5 турда қызықты химиялық тәжірибелер жүргізілді. Қатысушылар берілген карточкалар бойынша кезекпен тәжірибелер жасады. Сөйтіп 5 турдан тұрған сайыс өз мәресіне жетіп, барлығы жақсы көңіл-күйге бөленді.Сайыс барысында студенттер өздерінің білімдері мен біліктіліктерін, дарындылықтарын жақсы көрсете білді.
3 орынды «H2O» тобы жеңіп алды, ал 2 орын «Білікті химиктер» мен «Алхимиктер» тобына бұйырды. 1 орынды «Жасхимиктер» тобы қанжығасын абайлады. Қатысушы топтарға құттықтау қағаздары мен кішігірі мақшалайсыйлықтар берілді.
Сайыс соңында студенттер ұйымдастырушы мұғалімдерге алғыстарын білдіріп, осындай сайыстарды жиі ұйымдастырып тұруларын сұрады. Әділ-қазы алқалары қатысушылардың барлығына риза болып, әсерлері мен бөлісті. Жоғары деңгейде өткен сайыс барлығының көңілдерінен шықты.
[su_custom_gallery source=»media: 1062,1063,1064,1065″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»300″ height=»300″ title=»never»]