2022 жылдың 1 қыркүйегінде Колледжде ресми жиын өткізілді, оған бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналары шақырылды. Сондай-ақ, іс-шарадан кейін әр топта топ кураторлардың жетекшілігімен сынып сағаты өткізілді. Балалар оқу орнындағы тәртіп ережелерімен танысты. Сынып сағатының негізгі тақырыбы «Білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге құлшыныс» деп аталды.