Оқыту үрдісінің жұмыс кестесіне сәйкес «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша оқу бағдарламасын толық орындаған ПБр 01-21 (оқу мерзімі 1,5 жылдық) топтың курстық жұмыстарын қорғау өткізілді. 13 бітіруші топ студенттері курстық жұмыстарын сәтті қорғады. Пациенттерге бақылау жасау мен күтім жүргізу тақырыптары мейіргерлік үрдіс аясында қамтылды. Комиссия құрамында директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушісі, арнайы пәндердің оқытушылары болды.