Get a consultation
+7 (727) 272 4615
WRITE YOUR OFFERS
info@krvmc.kz

Қазақстан-Ресей медициналық колледжінде алғаш рет КВН ойындары өтті

[su_pullquote][su_custom_gallery source=”media: 1068″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”300″ height=”300″ title=”never”][/su_pullquote]Жақында Алматыдағы бетке ұстар колледждердің бірі – Қазақстан-Ресей медициналық колледжінде алғаш рет жоғары дәрежеде КВН ойындары өтті. Колледжіміздің 4 курс студенттері Дүйсенбай Сұлтан мен Әлімбек Ыбырайдың ұйымдастыруымен өткен бұл сайыс қызықты да тартысты болды.
Сайыс колледж студенттерін жаңа қырларынан көрсетіп, қабілеттерін танытумен қатар жақсы өнер көрсетіп, өзін таныта білген студенттерді колледж құрамасына іріктеп алу мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа бес команда қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасында 1, 2 және 3 курс студенттертері болды.
Сайыс бес кезеңнен тұрды: бірінші – сәлемдесу, одан кейін – капитандар сайысы, бес әзіл, видеосайыс және үй тапсырмасы. Ең алдымен команда капитандары жеребе тарту арқылы қай кезекте өнер көрсететіндерін анықтап алды. Тускен сандар бойынша командалар кезекпен сайысқа түсіп тартысты оыйн көрсетті. Қатысушы студенттеріміз белсенділік танытып, өнерлерімен көрермендердің көңілінен шығып, оларды таңғалдырды.
КВН ойындары колледжімізде алғаш рет ұйымдастыралғанына қарамастан өте қызықты өтіп, жоғары нәтиже көрсетті. Ең ерекшесі, ойынға қыздар командасы да қатысып, бақтарын сынады. 3 курс қыздарынан құралған «Қытықтама, өзім күлемін» командасы ерекше көзге түсіп, көрермен көзайымына айналды. Колледжіміздің басқа да қатысушылары керемет өнер көрсетіп, оқуда ғана емес, сайыста да мықты шебер екендерін дәлелдеді. Белсенді, өнерпаз студенттердің арқасында ойын өте қызықты өтіп, көрермендер мен әділ қазы алқалары күлкіге қарық болды. Барлық қатысушылар керемет ойын көрсетті.
Сайыстың бес кезеңінен де сүрінбей өткен командалар жүлделі орындармен марапатталды. Барлық командалар жеңіске лайық болып, тартысты ойын көрсеткендіктен, әділ қазы алқаларына женімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Нәтижесінде олардың шешімдерімен 101 топ командасы 3 орын, 100 топ командасы 3 орын, 100 топ командасы 2 орын және 102 топ командасы 1 орынды иеленсе, бас жүлдені «Қытықтама, өзім күлемін» қыздар командасы ұтып алды. Бас жүлденің әбден лайық болған қыздар командасына бұйыруы қуанышты жаңалық болды.Барлық командаларға мақтау кағаздары мен сыйлықтар беріліп, ойын жақсы аяқталды. Көрермендер де жоғары баға беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарына алғыстарын білдірді.
Осы ойында жеңімпаз атанған команда мүшелері мен ерекше көзге түскен қатысушылар колледж құрамасына алынып, кейінгі өтетін қалалық, облыстық және республиқалық сайыстарда бақтарын сынамақ.