Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/krvmc.kz/httpdocs/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожевпен “Шығармашылық сөйлеңіз” атты іс-шарасы – Казахстанско-Российский Высший Медицинский Колледж
Get a consultation
+7 (727) 272 4615
WRITE YOUR OFFERS
info@krvmc.kz

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожевпен “Шығармашылық сөйлеңіз” атты іс-шарасы

Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өткізілген «Еркін сөйле» атты іс шараға – Қазақстан –Ресей медициналық колледжінің студенттері, 14 қараша күні өткізілген «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ҚР Орталық клиникалық ауруханасының Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожевпен шығармашылық кездесуге барып,сұхбаттасып қайтты.Сұхбат барысында нейрохирургтің : «адам баласының денсаулығы үшін күні-түні еңбек етемін» деген сөзі жас медицина мамандарына таптырмас бір сәттік рухани азық болды. Рухани жаңғыру мен Жастар жылына арналған түрлі бағдарламалар расында да жастардың болашағына үлкен әсерін тигізіп жатыр десек қате емес. Кездесуге шақырылған студенттердің Медицинаның жоғарғы дәрежелі Нейрохирург маманымен сұхбаттасуы,көкейкесті ойларымен бөлісуі– ерекше қызықты әрі пайдалы болғаны сөзсіз. Осындай тәлім-тәрбие алатын кездесуді ұйымдастырған «Қоғамдық келісім» атты мемлекеттік мекемеге іс-шараны ұйымдастыру үшін рахметімізді білдіреміз.

[su_custom_gallery source=”media: 1004,1005″ limit=”100″ link=”lightbox” width=”300″ height=”300″ title=”never”]